МҰХАМБЕТ ЕШМҰХАНОВ
ЕШМҰХАНОВ МҰХАМБЕТ АШХАТҰЛЫ
Туған күні: 1978 жыл 12 қазан
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Жаңакүш ауылы.
Отбасылық жағдайы: Үйленген. Жеті баланың әкесі.
Білім алған кезеңдер:
1985-1993 жж. – Жаңакүш ауылдық орта мектебі.
1993-1997 жж. – Құрманғазы ат. Орал музыкалық колледжі, контрабас сыныбы. Оқытушысы – Мәдениет қайраткері Қажымов Қырымгерей.
1997-2002 жж. – Құрманғазы ат. Алматы ұлттық консерваториясы, контрабас сыныбы. Оқытушысы – Мәдениет қайраткері Исаметов Есдаулет.
Қызметтік жолы:
1998-2004 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында оркестр артисі.
2000 жылы консерватория қабырғасында оқып жүріп, әріптес достарымен «Ясауи» тобының құрылуына атсалысты.
2004-2011 жылдар аралығында «SAGA» мекемесінде өнер саласындағы жеке кәсіпкер.
2011-2013 жылдар аралығында «El produchion company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде атқарушы директор қызметі.
2013-2018 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде контрабас тобының артисі және оркестр инспекторы.
2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде директорының бірінші орынбасары.
2019-2020 жылдар аралығында Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде директордың әлеуметтік және шаруашылық жөнінідегі орынбасары.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры лауазымын атқарып келеді.
Марапаттары:
2016 жылы Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Алғыс хатымен марапатталған.
2020 жылы Қазақстан республикасы президентінің 2020 жылғы, 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2021 жылы Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған (№2616 куәлігі)
Гастрольдік іссапарлар:
Құрманғазы оркестрі, Абай атындағы опера және балет театры, «Ясауи» вокалдық тобы сынды белгілі ұжымдармен Қазақтың мәдениеті мен өнерін әлемге насихаттау мақсатында әлемнің көптеген қалаларының әйгілі сахналарында жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Атап айтқанда АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалалары сынды Қытай елі, Франция, Австрия, Швейцария, Болгария, Түркия, Иран, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңголия және т.б елдердің қалаларында. Сонымен қатар Қазақстанның барлық облыстары, аудандары мен шалғай ауылдарында да концерттік-гастрольдік іссапарлармен барып өнер көрсеттті. Кәсіби маман ретінде аймақтық және республикалық өнер байқауларында қазылар алқасында төрелік етті.