«Ясауи» тобы – Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи хикметтері мен ақын-шайырлардың өсиет-толғауларын сахналық үлгіде, музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз (акапелла) орындауды Қазақстанда алғаш қолға алған профессионал музыканттардың шығармашылық ұжымы.

Құрамы 7 жігіттен тұратын топ 2000 жылы құрылған.

Көркемдік жетекшісі – Елдос Еміл.

Топ гастролдік сапарлармен қазақ даласының барлық өлкесінде өнер көрсетіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, шығармашылық ұжым шет елдерде — Түркия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінің сахналарында рухани әуендерін әуелетті.

«Ясауи» тобы — 2009 жылы Түркияның Конья қаласында өткен VI Халықаралық мистикалық музыка фестивалінің ГРАН-ПРИ жеңімпазы.

  • Мұхамбет
    Ешмұханов

  • Самат
    Қансейіт

  • Самат
    Құмаров

  • Елдос
    Еміл

  • Алтынбек
    Ахметов

  • Данияр
    Дабаев

  • Берік
    Байбашаев