САМАТ ҚҰМАРОВ

ҚҰМАРОВ САМАТ ХАЛЕЛҰЛЫ

 

1975 жылы 18 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Белогор совхозында дүниеге келген. Отбасылы. 5 баланың әкесі.

1982-1992 жылдары Белогор Орта мектебінде оқыды.

 

1992-1993 жылдары Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде еңбек жолын бастады.

 

1993 жылы Орал музыкалық училешесіне оқуға түсіп, сол жылы ҚР қарулы күштері қатарына шақырылып әскери борышын өтеп, 1995 жылы музыкалық колледждегі оқуын жалғастырып, «Вокал» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.

 

1998-2002 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша ҚР халық артисі, профессор Ғафиз Есімовтің класында тәлім алып, опера әншісі мамандығына ие болды.

 

2000 жылы консерватория қабырғасында оқып жүріп, әріптес достарымен «Ясауи» вокалды шығармашылық тобын құруға атсалысты.

2002 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлық лабораториясында еңбек етті.

 

2002-2004 жылдары «Қазақстан» телеарнасында дыбыс-режиссері қызметін атқарды.

 

2000-2010 жылдар аралығында «Ясауи» вокалды тобының құрамында қазақтың мәдениеті мен өнерін шет мемлекеттерде танытуға үлес қосты. Атап айтқанда, Түркия, Иран, Тәжікстан, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және т.б. Сонымен қатар Қазақстанның барлық облыстары, аудандары мен шалғай ауылдарында да концерттік-гастрольдік іссапарлармен жүріп өнер көрсетті.

 

2010 жылдан бері әртүрлі шығармашылық жобаларға ат салысып, сонымен қатар жеке кәсібін дөңгелетіп келеді.