АЛТЫНБЕК АХМЕТОВ
АХМЕТОВ АЛТЫНБЕК ҚОЯНБЕКҰЛЫ
1977 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Отбасылы. 5 баланың әкесі.
1993 жылы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Шымкент қаласындағы музыкалық саз колледжіне контрабас класы бойынша оқуға түсіп, 1997 жылы Төлепов Орынғалидің класынан бітіріп шықты.
1997 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, 2002 жылы контрабас класы бойынша ұстаз – Исаметов Есдаулет Исаметұлынан бітірді.
2000 жылы консерватория қабырғасында оқи жүріп әріптес достарымен «Ясауи» тобының құрылуына атсалысты.
2002-2004 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде контрабас тобының артисі ретінде еңбек атқарды.
2002-2010 жылдар аралығында Құрманғазы оркестрі, «Ясауи» вокалды тобы сынды белгілі ұжымдармен Қазақтың мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында әлемнің көптеген қалаларының әйгілі сахналарында жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Атап айтқанда АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалалары сынды Қытай елі, Франция, Австрия, Швейцария, Болгария, Түркия, Иран, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңголия және т.б елдердің қалаларында. Сонымен қатар Қазақстанның барлық облыстары, аудандары мен шалғай ауылдарында да концерттік-гастрольдік іссапарлармен жүріп өнер көрсеттті.
2010-2015 жылдар аралығында жеке шаруашылықпен кәсіппен және оқытушылықпен айналысып, 2015 жылдан бастап Құрманғазы оркестріне қайта қабылданып, оркестр артисі және инспекторы болып тағайындалды.
2021 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі» РМҚК директорының шығармашылық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.