ДАНИЯР ДАБАЕВ

ДАБАЕВ ДАНИЯР САҒАТБЕКҰЛЫ

 

1980 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Қазақстан ауылында дүниеге келген. Отбасылы. 5 баланың әкесі.

 

1987-1990 жылдар аралығында ауыл мектебінде білім алған.

 

1990-1995 жылдары А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернатында,

 

1997-1999 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде,

1999-2002 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде,

2002-2006 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық музыка академиясында білім алған.

 

2003-2005 жылдары «Ақжауын» мемлекеттік оркестірінің бас концертмейстері;

 

2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласындағы Мемлекеттік Қазақ оркестрінің артисі;

 

2006-2007 жылдары Қазақ Ұлттық музыка академиясында ұстаздық қызметте;

 

2013 жылдан 2023 жылдың мамыр айына дейін «Daulet group» ЖШС-нің директоры;

 

2023 жылдың мамыр айынан бері «Yassawi» продюссерлік орталығында қызмет істейді.