БЕРІК БАЙБАШАЕВ

БАЙБАШАЕВ БЕРІК САҒАТБЕКҰЛЫ

 

1980 жылы қаңтар айында Кеген ауданы, Жалаңаш селосында дүниеге келген. Отбасылы. 9 баланың әкесі.

 

1986-1996 жылдар аралығында Кеген селосындағы Абай орта мектебінде білім алған.

 

1997-1998 жылдары Алматы қаласындағы Шәкәрім қажы атындағы медреседен тәлім алып, Құран қариы атанады.

 

2000 жылдан бері «Ясауи» тобының хикметшісі.

 

Берік Сағатбекұлы 2000-2010 жылдар аралығында «Ясауи» вокалды тобының құрамында қазақтың мәдениеті мен өнерін шет мемлекеттерде танытуға үлес қосты. Атап айтқанда, Түркия, Иран, Тәжікстан, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және т.б. Сонымен қатар Қазақстанның барлық облыстары, аудандары мен шалғай ауылдарында да концерттік-гастрольдік іссапарлармен жүріп өнер көрсетті.