Саған айтам, уәли
Жүніс Әміре
Көркем аудармасын жасаған – Светқали НҰРЖАН
Хорға өңдеген – Бейбіт АҚОШ
Саған айтам, Уәли,
Дінсіздіктен ел азды,
Егер өлі болмасаң,
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Азан жетсе құлаққа,
Сол ғой асыл мұрат-та,
Діннің туын құлатпа,
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Саған айтам, Уәли,
Дінсіздіктен ел азды,
Егер өлі болмасаң,
Қаза қылма намазды.
Құс сезімін паш қылып,
Тартты ағаштар тасбиық,
Болса үмітің бас тігіп,
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Намаз оқып, зікір ет,
Өлімді ойлап пікір ет,
Жүрегіңмен шүкір ет,
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Саған айтам, Уәли,
Дінсіздіктен ел азды,
Егер өлі болмасаң,
Қаза қылма намазды.
Намаз оқу сынақ-дүр,
Ақыретті пырақ-дүр,
Қабіріңде шырақ-дүр,
Сахарда тұр, қаза қылма намазды.
Әзірейіл жанды алар,
Керексіз боп тән қалар,
Дәруіш-Жүніс зарланар,
Тұр сахарда, қаза қылма намазды.
Саған айтам, Уәли,
Дінсіздіктен ел азды,
Егер өлі болмасаң,
Қаза қылма намазды.