Аш, ей, момын, көзіңді
«Аш, ей, момын, көзіңді...»
Қожа Ахмет Ясауи
117-хикмет
Көне түркі тілінен қазақшаға аударған – Ахмет ТОРБАЙ
Көркем аудармасын жасаған – Светқали НҰРЖАН
Әуенін жазған – Елдос ЕМІЛ
Хорға өңдеген – Бейбіт АҚОШ
Аш, ей, момын, көзіңді сахар мезгіл болғанда,
Құтқар оттан өзіңді сахар мезгіл болғанда.
Сахарларда барша гүл мадақтайды Құдайды,
Айтып бұлбұл аңсарын, махаббаттан жылайды.
ﻳﺂ ﺮﺤﻤﻥ ﻳﺂ ﺮﺤﻳﻢ ﻳﺂ ﻤﻮﺀﻤﻥ ﻤﻬﻳﻤﻥ
ﻳﺂ ﺴﻤﻳﻊ ﻳﺂ ﺤﻧﺂﻥ ﻳﺂ ﺒﺻﻳﺮ ﻳﺂ ﻤﻧﺂﻥ
ﻳﺂ ﻜﺮﻳﻢ ﻳﺂ ﻋﻠﻳﻢ ﻳﺂ ﺤﻜﻳﻢ ﻳﺂ ﻋﻇﻳﻢ
ﻳﺂ ﻘﺪﻮﺲ ﻳﺂ ﺠﺒﺎﺮ ﻳﺂ ﻏﻓﻮﺮ ﻳﺂ ﺴﺘﺮ
Зікір қылсаң еңісте сахар мезгіл болғанда,
Түсер көктен періште-сахар мезгіл болғанда.
Жазықта нұр аққасын сахар мезгіл болғанда,
Ашар жәннат қақпасын-сахар мезгіл болғанда.
ﻳﺂ ﺮﺤﻤﻥ ﻳﺂ ﺮﺤﻳﻢ ﻳﺂ ﻤﻮﺀﻤﻥ ﻤﻬﻳﻤﻥ
ﻳﺂ ﺴﻤﻳﻊ ﻳﺂ ﺤﻧﺂﻥ ﻳﺂ ﺒﺻﻳﺮ ﻳﺂ ﻤﻧﺂﻥ
ﻳﺂ ﻜﺮﻳﻢ ﻳﺂ ﻋﻠﻳﻢ ﻳﺂ ﺤﻜﻳﻢ ﻳﺂ ﻋﻇﻳﻢ
ﻳﺂ ﻘﺪﻮﺲ ﻳﺂ ﺠﺒﺎﺮ ﻳﺂ ﻏﻓﻮﺮ ﻳﺂ ﺴﺘﺮ
Ояу құлдар кек қыспай, сахар мезгіл болғанда
Өлетінін еске ұстай, сахар мезгіл болғанда.
Сахар сырын жалғанда ғашық құлдар ұғады,
Қорқыныштан көкке ұшқай-сахар мезгіл болғанда.
ﻳﺂ ﺮﺤﻤﻥ ﻳﺂ ﺮﺤﻳﻢ ﻳﺂ ﻤﻮﺀﻤﻥ ﻤﻬﻳﻤﻥ
ﻳﺂ ﺴﻤﻳﻊ ﻳﺂ ﺤﻧﺂﻥ ﻳﺂ ﺒﺻﻳﺮ ﻳﺂ ﻤﻧﺂﻥ
ﻳﺂ ﻜﺮﻳﻢ ﻳﺂ ﻋﻠﻳﻢ ﻳﺂ ﺤﻜﻳﻢ ﻳﺂ ﻋﻇﻳﻢ
ﻳﺂ ﻘﺪﻮﺲ ﻳﺂ ﺠﺒﺎﺮ ﻳﺂ ﻏﻓﻮﺮ ﻳﺂ ﺴﺘﺮ
Көрер олар Құданы сахар мезгіл болғанда.
Кеудеңе нұр толғанда жүрегіңді қолға ал да,
Сахар мезгіл-хош сағат,болар рахат һәм жәннат,
Тәңірге қыл ғибадат-сахар мезгіл болғанда.