Сәттіғұлдың насихаты
Сәттіғұл Жанғабылұлы
Хорға өңдеген – «Ясауи» тобы
Хақ расулы Мұхаммед
Абзалы артық нұр өткен.
Артынан келіп төрт имам
Шариғат жолын күзеткен.
Пәруар Пірдің басшысы
Қожа Ахмет Ясауи
Түркістанда бұ да өткен,
Туына жұртын түнеткен.
Зікірін айтып зарланып
Пікірін бізге мұра еткен.
Солардан мирас болынған,
Шариғат шамы жағылған.
Тарихат жолы табылған,
Хақиқатқа бағынған
Әр орында мешіт бар
Құдай үшін салынған.
Бірден – бірге қалынған.
Қожа Ахмет, Пір Бекет –
Солардан үлгі алынған
Айтқаны зікір - салауат,
Қашсын деп шайтан маңымнан.
Пірлерден ізгу дұға алып
Жамағаттар, құралып
Ораза, намаз тұталық
Хақиқат Хақтан сұранып.
Құдай – жалғыз, Құран – шын,
Ақиқат – рас, ол анық.
Ахиретті ойламай,
Ақылы қысқа пендеміз
Дүниеге жүрген жұбанып.
Тура жолдан таймаған
Тәуекел етіп табандап.
Уағыз – үгіт шашулы
Мұсылманды хабарлап.
Меһраб мешіт ішінде
Саһардан тұрған азандап.
Алланың махшар дәулетін
Шын тілеген назарлап.
Күллі тірлік болмысы
Лаухы менен Махфузда
Күллі тірлік болмысы
Лаухы менен Махфузда
Сызылад дейді озалда – ақ.
Пенденің қалмай баршасы
Махшарға барар базарлап
Шариғат айтқан тыңлатып,
Азаннан тұрған ыңлатып.
Тағылым, таспих, салауат,
Зікір айтқан түн қатып.
Кеудеден басты бұлғатып....
Дүниенің байқасаң –
Әуелі де – Мұхаммед,
Ақыры да – Мұхаммед,
Байлаулы бізге бір ұшы.
Айтыла берсе табылар
Әңгіме - сөздің ығысы.
Жетпіс мыңдай жыл дейді
Замананың озалда
Жаратылған тұрысы.
Белгісі дейді қайымның
Ер Мәдінің шығысы.
Пайғамбардың бір әуен
Хабарынан болынар
«Ғайса» деген дыбысы.
Төртінші көктің үстінен
Ғайса түсіп аспаннан
Тұздай еріп жоқ болар –
Тарылар тажал тынысы.
Ахиреттің қайғысын
Ойлаған жандар абзал – ақ.
Дүниені мақұлдап,
Қуғанменен тақылдап,
Мезгілің жетсе бір күні
Ажалдың оғы атылмақ.
Ібіліс – шайтан зор дұшпан
Күнаға сүйреп батырмақ.
Ер қырсыққа шалынса
Әр түрлі затқа шатылмақ.
«Алла» деп нәпсін тыйғандар,
Бұрынғы шайхы, имамдар,
Жүргізген екен жұртына
Шариғаттың хүкімін.
Ұстаған діннің бүтінін.
Тарихаттың жолынан
Аудармай көңіл – пікірін,
Қоймаған дәйім зікірін.
Құдайдың сүйген құлдары
Дидарына Жардың жолығып,
Тамудың көрмейд түтінін.