Туған ел

ТУҒАН ЕЛ

 

Әнін жазған - Өмірбек БАЙДІЛДӘЕВ

Сөзін жазған - Мәдеш НИЯЗБЕКОВ

Хорға өңдеген – Бейбіт АҚОШ

 

 

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

 

А - а – а – а,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

 

Ыстығы-ай бүлдіргенді өзендерің,

Саяңда сайрап өскен өрендерің.

Мен едім соның бірі қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

 

А - а – а – а,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

 

Қашанда қарыздармын, елім саған,

Анамсың – алыс жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Туған ел, берерім көп менің саған.

 

А - а – а – а,

Туған ел, берерім көп менің саған.