Туған жер
Әнін жазған - Мұрат ЫБЫРАЕВ
Сөзін жазған - Қасым АМАНЖОЛОВ
Хорға өңдеген – Бейбіт АҚОШ
Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?!
О, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің?!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?!
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!
О, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Болдым ғашық, туған далам, мен саған,
Алыс жүрсем арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем мен төрінде рахаттың,
Өз мекенім, өзім туған босағам.
О, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді білмей келсем, кеше гөр!