Ақтолғай

Халық әні

 

Хорға өңдеген – Бейбіт АҚОШ

 

Тәуекелсіз, тәубасыз оңа ма адам? -

Пенде бар ма замана тонамаған?!

Араны кең ажалдың ауызына

Адам шіркін қаңбақтай домалаған.

 

Қайырмасы:

Жолына жардың көз талды-ау,

Ышықтан жанды өрт шалды-ау.

Жібермейді нәпсі – жау -

Жетейін десем, Жан – Алла-ау!...

 

Жолым - шалғай, ғұмыр - шақ, шамам - мәлім,

Шайтан ізін шиырлап, шабандадым.

Жағыдайсыз жапанда жан ұшырам,

Көрем бе деп Дидарын Жан - Алланың.

 

Қайырмасы:

Жолына жардың көз талды-ау,

Ышықтан жанды өрт шалды-ау.

Жібермейді нәпсі – жау -

Жетейін десем, Жан – Алла-ау!...

 

Жалбарынам жаңылмай Жаратқанға,

Рақым қыл деп мағшардың таңы атқанда.

 

Қайырмасы:

Жолына жардың көз талды-ау,

Ышықтан жанды өрт шалды-ау.

Жібермейді нәпсі – жау -

Жетейін десем, Жан – Алла-ау!...