Жәннаттың кілті

Мақтымқұлы Пырағи

 

Мифтахул  жанан 

(Жәннәттың  кілті)

 

Көркем аудармасын жасаған – Светқали НҰРЖАН

Әуенін жазған – Елдос ЕМІЛ

Хорға өңдеген – Бейбіт АҚОШ

 

 

Ей, дәруіштер, ұғыңдар,

Жәннаттың  кілті  сабыр – дүр.

Сабырмен  ғамал  қылыңдар,

Жәннаттың  кілті  сабыр – дүр.

 

Сабырсыз – қанға  былғанды,

Бәле кеп мың  сан  сынға  алды.

Ашады  сабыр  зынданды,

Жәннаттың  кілті  сабыр – дүр.

 

Асығыс  ісі  - шайтаннан,

Рахман  сабыр  қайтарған.

Ғашықтан  шыдам  байқалған,

Жәннаттың  кілті   сабыр – дүр.

 

Зауқы бар  зікір  еткендер,

Шауқы бар  шүкір  еткендер.

Қаупі бар  мүкі  кеткендер,

Жәннаттың  кілті  сабыр – дүр.

 

Сабырсыз  - шайтан  ермегі,

Сабырлы  -  дүние  дәрмені,

Бар  оған  Хақтың  жәрдемі,

Жәннаттың  кілті   сабыр – дүр.

 

Пәмсізді шайтан  азғырар,

Аударып  жолдан  аздырар,

Өз  көрін  сөйтіп  қаздырар,

Жәннаттың  кілті  сабыр – дүр.

 

Көп  айт-қын  Хақтың  зікірін,

Алладан  келсін  пікірің,

Қалмасын,сабыр,  шүкірің,

Жәннаттың  кілті  сабыр – дүр.

 

Мақтымқұлы, анық  біл  мұны,

Насихат  осы  үлгілі.

Жәннаттың  кілті  сабыр  - дүр,

Жәннаттың  кілті  сабыр – дүр.